KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
478.54 533.76 5.17

«Қазақфильм» мамандары «Қасым хан» телесериалына түсетін актерлерді Өскеменнен іздейді

25.02.2019, 09:37 177

Өскеменде «Қасым хан» телесериалына түсетін актерлерді іріктеу үшін кастинг өтеді. Кез-келген талапкерге есік ашық. Аталған кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Қазақфильм» киностудиясы «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалға актерлер арасында кастинг жариялаған болатын. Жобаның көркемдік жетекшісі – «Жаужүрек Ертұрғыл» сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай. Кастинг қаңтарда Алматыда басталған еді. Енді Өскеменде, облыстық Драма театрында 28 ақпан және 1, 2 наурыз күндері өтеді. (Сәтпаев даңғылы, 55).


Каситнгтің шарттары мен өзге де мәліметтер инстаграмм желісінде жарияланды, Kasymkhan_semey_oskemen. "Жаңа есім, жаңа таланат іздейміз" деп жазылған онда. (төмендегі фотосуретте) Сондай-ақ "басты талап: қазақ тілінде еркін сөйлеу; 15-45 жасқа дейін" деп көрсетілген. Толығырақ 8 708 19 00 526, 8 747 562 90 77 номерлеріне хабарласып, білуге болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив