KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Денис Тен туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

25.02.2019, 09:26 278

Алматыда Денис Тен туралы деректі фильм («Денис Тен - Величайшее шоу») прокатқа шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл фильмнің идея авторы марқұм Денис Теннің өзі болатын. Ал оператор және режиссерлік жұмысты оның досы Ханзат Кеңес атқарды.



Фильмде спортшының «Денис және достары» атты мұзайдындағы шоуына дайындық барысы баяндалады. Бұл шоудың 2018 жылы 9 маусымда Астанада өткені баршаға белгілі.


Айта кетейік, фильм үлкен экраннан 3 наурызға дейін Bekmambetov cinema кинотеатрында көрсетіледі. Түскен қаражат Денис Тен атындағы қорға аударылады.


Туынды өзге өңірлерде көрсетіле ме? Интернет желісіне қашан шығады? Бұл жағы әлі белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив