KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да балаларға қауіпті ойыншықтар анықталды

19.02.2019, 09:42 159

Қазақстанда тағы да балаларға қауіпті ойыншықтар сатылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.


Комитеттің тексеруінен өткен қытайлық өндірушілердің өнімдерінде толығымен таңбалану белгісі жоқ. Атап айтқанда, Sofia thefirst қуыршақтары, Robocar Poli ойыншық жиынтығы, Hermit crab ойыншықтары, "Мини тобот" автомобиль трансформерлері, Барби қуыршақтары, пони, бильярд, трансформерлер, тікұшақтар, балалар сылдырмағы, машиналар, Mini Round Bead, LOL қуыршықтары, Magnetic Drawing Board ойын тақтайшасы, SUPER SPEED RACING машиналары, мозаикалар, "Кішкентай доктор" ойын жиынтығы, жұмсақ резеңке ит ойыншықтар, "Мұз айдыны" ойыны, резеңке доптар, "Spider man" жұмсақ ойыншықтары, Die Cast Car машиналары, Wangu қуыршақтары, ыдыс-аяқтары бар қуыршақ ойыншықтарда фенол және метил спиртінің мөлшерінің нормасы артық екені анықталып отыр.


Шығыс Қазақстан аумағында сәйкес таңбалану белгісі жоқ ойыншықтарды Аягөз қаласындағы "Әсемай" сауда үйінде, Риддерде - "Акварель" дүкенінде, Алтай қаласында - "Губка Боб", Үлкен Нарын ауылында - "Детский мир" дүкендерінде саудалаған екен.


-Ойыншық сатып алғанда оның сәйкес таңбалану белгісіне назар аударуға шақырамыз. Қаптамада тауардың құрамы, өндіруші туралы ақпарат, қандай жастағы балаларға арналғаны көрсетілуге тиіс. Сатушыдан сәйкестік сертификатын сұраңыздар, - деп ескертеді комитет мамандары.


Қазір бұл тауарлардың барлығы сауда орындарынан алынып жатыр. Тауарды сатушыларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив