KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да төрт балалы отбасы баспанасыз қалды

18.02.2019, 09:49 226

ШҚО-ның Алтай ауданында төрт балалы отбасы әп-сәтте баспанасыз қалды. Отанасы жанып жатқан үйдің терезесінен шығып үлгерген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өткен жексенбі күні Алтайда жер үй өртенді.


– Жалын бірден қаулап кетті. Есіктен шығу мүмкін болмады. Сол себепті газ баллонын алып, терезеден секірдім, – дейді төрт баланың анасы Анна Баева.


Абырой болғанда, көршілер көмекке келіп үлгерді. Аннаның терезеден шығып, аман қалуы да ауылдастардың арқасы. Көңілге жұбаныш болар жайт – өрт шыққан кезде төрт бүлдіршін де үйде болмаған, ата-апасының үйіне кеткен екен. Айтпақшы, төртеуі де – кестетігер. Алғашқы екеуі – бастауыш сыныпта оқиды, ал егіздер небары  үш жаста.


ТЖБ-ның бас маманы Анатолий Яковлев:


– Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, – деп түсіндірді.


Баспанасыз қалған Баевтар әзірше туған-туыстың үйін қонақтауда. Куәгерлердің айтуынша, өртенген үйіді қалпына келтіру екі талай. Ішінде сау-тамтық жоқ көрінеді.


Көпбалалы отбасыға көптеп-көмектеп қол ұшын созамыз деген жандар болса,  Анна Баеваның өзіне хабарласа алады: 8-771-913-91-04.



 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив