KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Алдағы тәуліктерде күн жылына бастайды

12.02.2019, 08:54 60

Алдағы тәуліктерде ауа температурасы жоғарылай түседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Қазгидромет» РМК мамандары 12-14 ақпан күндері ауа райы қалай өзгеретіндігі жайында мәлімдеді.


– Ел көлемінде температураның уақытша төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батысқа және  оңтүстік-батысқа ауысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады, яғни күн жылына бастайды, – деп хабарлайды синоптиктер.


Мамандардың айтуынша, бұл күндері республика аумағында циклон жылжып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынға себеп болады.


Ал Қазақстанның қалған аймағында антициклонның ықпалынан жауын-шашын болмайды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив