KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да бір отбасы баспанасыз қалды

29.01.2019, 09:05 350

Жаңа Үлбі кентінде болған өрттің  салдарынан  тұтас бір отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға 23 қаңтарда болды. Наталья Рогожкина мен оның екі ұлы үшін ең ауыры баспанасыз қалуы емес. Өртте олар отағасынан айырылып отыр.


Өрт түннің бір уағында, үй іші шырт ұйқыда жатқан кезде басталыпты. Дер кезінде оянып үлгерген Наталья екі ұлын алып, тысқа шығып үлгерген екен. Ал оның күйеуі үйде қалып қойған...


Қазір әлеуметтік желіде адамдардан отбасына қол ұшын беру сұралып отыр. Олардың ешбір киімін не дүние-мүлкін өрттен аман қалу мүмкін болмаған. Рогожкиндер отбасы кез келген көмекті қабылдауға дайын. Ең алдымен, оларға жылы киім-кешек пен аяқ киім қажет: Натальяның өзіне (46-48 өлшемдегі киім-кешек, аяқ-киімнің өлшемі - 39), үшінші сыныпта оқитын ұл балаға (42 өлшемдегі киім-кешек, аяқ киім өлшемі - 36) және екі жасар сәбиге (бойы – 90 см, аяқ-киім өлшемі – 29-30).


Жәрдем беруге ниетті адамдар 8-705-135-69-99 нөмірі арқылы Натальямен хабарласа алады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив