KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

«Торпедо» өз айдынында өткізген соңғы үш кездесудің екеуінде жеңіліс тапты

24.01.2019, 08:45 243

«Торпедо» өз айдынында өткізген соңғы үш кездесудің екеуінде жеңіліс тапты. Алайда, жерлестеріміз осыдан бірер күн бұрын «Рубиннен» (Түмен) овертаймда ұтылып қалса, бұл жолғы қарсыласына тек буллиттер сериясында ғана жол берді.


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 45-ші турында «Торпедо» Өскеменде Санкт-Петербордың «Динамосын» қабылдаған болатын. Естеріңізге салайық, петерборлық клуб – былтырғы біріншіліктің жеңімпазы, соңғы кездері ала-құла ойнап жүрген торпедолықтар үшін өте мықты қарсылас.


Осыған қарамастан, айдын иелері бұл ойында ауыз толтырып айтарлықтай өнер көрсетті. Тек сәл ғана сәттілік жетіспей қалды.

Матчтағы алғашқы шайбаны кездесудің 12-ші минутында қонақтар соққанымен, торпедолықтар үзіліске дейін таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға шығып кетті. Көзге түскен – шабуылшылар Алексей Шантыка мен Максим Капитуров.


Дегенмен, мықтының аты – мықты, үзілістен кейін айдын иелерінің қақпасына лап қойған динамолықтар таблодағы есепті тез теңестіре білді. Бұл күні петерборлық хоккейшілерге сәттілік те жолдас болды. Лотереяға баланатын ойын соңындағы буллиттер сериясында жалғыз шайба соққан қонақтар осылайша биылғы біріншіліктегі кезекті жеңісіне жетті. Ал азулы қарсыласымен тең дәрежеде өнер көрсеткен торпедолықтар бұл жолы бір ұпайды қанағат тұтты.


Қазір қоржынында 50 ұпайы бар өскемендік ұжым жарыс кестесінің 15-ші сатысында орналасуда. Ертең жерлестеріміз өз айдынында былтырғы чемпионаттың тағы бір финалисі – петерборлық «СКА-Нева» хоккейшілерімен шеберлік байқасады. Бұл матч кешкі сағат 18.30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив