KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда ауылдар шағын қалаға айналатын болды

23.01.2019, 06:19 372

Елімізде «Ауыл — Ел бесiгi» атты арнайы жоба жүзеге асырылмақ. Оның барысы туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жобаға қысқаша тоқталатын болсақ, оның негізгі мақсаты – ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жаңғырту. Бұл жоба 2030 жылға қарай ауылдағы халықтың 80 пайызын заманауи өмір сапасының стандарттарына сай етуге мүмкіндік береді деп болжануда.


-Ауыл халқы қаладағы өмір сапасынан кем емес ауылдарда тұруға лайық. Ауылда жақсы жолдар, баспаналар мен спорттық орталықтар, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері болуға тиіс. Ондай жағдай жасау үшін еліміздегі 6600 ауылда бюджет жеткіліксіз. Алайда ауылдардың ішінен 1-1,5 мың елді мекенді таңдап алып, өмір сапасы жоғары шағын қалаға айналдыруға болады, - дейді вице-министр.


Аталмыш жоба ауылдарда экономикалық инфрақұрылым қалыптастырып, жұмыс орындарын ашуға, кіші және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив