KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Қорғаста Қытайдан заңсыз дәрі әкелмек болған азамат ұсталды

16.01.2019, 05:48 110

Қорғаста Қытайдан заңсыз дәрі әкелмек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып мәлімдеді.


15 қаңтарда «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында шекаралық және кедендік бақылаудан өткен 21 жастағы қазақстандық азамат ұсталды.


– Оның жүгінен біздің елдің аумағына заңсыз алып өткен 4 қорап, жалпы салмағы 68,5 келі қытайдың дәрі-дәрмегі табылды. Ұсталған азаматтың жүгі актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды. Сараптама жүргізіліп, заңсыз жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады, – делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив