KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Полицияға заңгер мамандығын бітіргендер ғана қабылданады

14.01.2019, 06:13 116

Қазақстанда үш ай көлемінде жаңа форматтағы 1200 полиция қызметкері оқытылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдейді.


Қаңтардың соңында 1200 қызметкер полиция академияларына қабылданып, үш айлық қысқа мерзімді дайындықтан өтеді. Жаңа форматтағы полицейлер заң мамандығын тәмамдаған, жоғары білімі бар тұлғалардың қатарынан таңдалатын болады. Кейін үш айлық оқу мерзімі алты айға созылады екен.


Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта полиция қызметкерлеріне кезектен тыс аттестация жүргізіледі. Ол бірнеше кезеңде өтеді. Аттестацияға дайындық  процессі қаңтардың соңында басталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив