KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Өскемен-Самар тас жолында екі автокөлік соқтығысты (видео)

8.01.2019, 05:37 192

Самар тас жолында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға 7 қаңтар күні сағат 16.00-де болды. Тайынты ауылынан 15 шақырым жерде ВАЗ жеңіл автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты асырып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Нәтижесінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Toyota Alfred" автокөлігімен соқтығысады.


Жол апатының салдарынан ВАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ, "Toyota Alfred" автокөлігінің бір жолаушысы жарақат алып отыр. Адам шығыны жоқ.


54 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив