14 құтқарушы мен өрт сөндіруші "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" үкіметтік наградалармен марапатталды
ШҚО ТЖД-да басты ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің атынан ведомство бастығы Ерлан Нұрпейісов құттықтау сөз сөйлеп, өткен жылдары төтенше жағдайларға жедел ден қою жүйесі құрылғанын атап өтті.
"ШҚО ТЖД қызметкерлері жыл сайын 5000-ға жуық жедел шығуды, 1000 - нан астам авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асырады, мыңдаған адам өмірін құтқаруға келеміз", - деп атап өтті ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 14 құтқарушы мен өрт сөндірушінің қызметтік борышын орындағаны, жанқиярлығы, ерлігі мен батырлығы үшін, сондай-ақ Департаменттің кәсіби кадрлары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталды.
Сонымен қатар, адал қызметі үшін ШҚО ТЖ Департаменті бөлімшелерінің 12 қызметкері ведомстволық наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды.