Семейде 30-дан астам адам көктайғақтан зардап шекті
Семей қаласында көктайғақтан 30-дан астам адам зардап шекті.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, таңертеңнен бері көктайғақтан зардап шеккен тұрғындар медициналық мекемелерге жүгінуде.
«Бірнеше сағат ішінде дәрігерлер жарақат алып, аяқ-қолы көгерген 33 адамға көмек көрсетті. Көктайғақ кезінде азаматтардың барынша абай болғаны жөн», делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз