Шығыста бұрқасын мен күшті жел күтілуде
pexels.com
«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының мәліметінше, 23 қарашада өңірдің солтүстік және оңтүстік аймақтарында бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Елді мекендерден себепсіз шықпаңыз.
- Көлікпен жолға шықсаңыз, жылдамдық пен қашықтықты қатаң сақтаңыз.
- Жел күшейгенде сымдар мен тербелетін заттардың маңына жақындамаңыз. Автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына жасырынбаңыз.
- Төтенше жағдай туындаса, «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыз.
Қауіпсіздік шараларын ұстанып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
ШҚО ТЖД