KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

Цифрлық Қазақстан: IT-салаға 187 мыңннан астам маман жұмылдырылды

pexels.com

Кеше, 10:00 65 Төлеуғазы Жансая

Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында илгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Қазақстан 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. 2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім байқалды.

Сонымен ғатар IT-мамандарға сұраныс артып келеді. Қазіргі уақытта IT-саладағы жұмыспен қамтылу 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті. Бұл саладағы орташа айлық жалақы 2024 жылы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман дайындауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда олар ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу