KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
524.65 607.02 6.48

Өскемендік өрт сөндірушілер аквапаркте тактикалық жаттығу өткізді

21.04.2025, 11:30 291 Ержан Әбіш

 

Өскемен қаласындағы аквапарк ғимаратында төтенше жағдайлар қызметі өрт-тактикалық жаттығу өткізді. Шартты аңыз бойынша, ойын бөлмесінде өрт шығып, қалың түтіннің салдарынан барлық келушілер эвакуацияланып үлгермеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлау барысында өрт сөндіру бөлімшелері арнайы құтқару күләпараларының көмегімен бір ер адам мен кішкентай баланы ғимараттан қауіпсіз жерге алып шықты. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті Апаттар медицинасы орталығының мамандары көрсетті.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде шартты өрт сәтті ауыздықталды.

Жаттығу орны кездейсоқ таңдалған жоқ – бұл нысанда келушілер саны 300 адамға дейін жетеді. Жаттығу барысында ғимараттан адамдарды құтқару тәсілдері, соның ішінде күләпараларды қолдану, ішкі және сыртқы баспалдақтар арқылы қол су оқпандарын беру, өрт сөндіру бөлімі мен нысан әкімшілігі арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды.

Оқу-жаттығу кезінде құрылған өрт сөндіру штабы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерін үйлестіріп, нысан қызметкерлерімен тығыз әрекеттесті. Мұндай жаттығулар өртке қарсы дайындықты арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу