KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, В
520.93 609.07 6.68

САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ: ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕУІ МҮМКІН

depositphotos.com

8.06.2025, 15:00 120 Айна Бакимбаева

2025 жылғы мамырдан бастап дәрі-дәрмектерді сақтау және тасымалдау бойынша қызметтерді сатып алу процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл өзгеріс дәрі-дәрмек бағаларының төмендеуіне ықпал етеді деген болжам бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес,  байқаулар еліміздің 7 өңірінде жарияланған. Бюджет қаражатын үнемдеудің алдын ала болжамы шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары 900-ден астам медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы өзектендірілді, қосымша 900-ден астам жаңа позиция енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдардың барлық дербес сатып алулары Электрондық қаржы орталығының веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл ауысу денсаулық сақтау саласындағы сатып алу процестерінің ашықтығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды, делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу