ШҚО-да «Қонақжай отбасы» жобасының жаңа маусымы басталды
15 маусымнан облыстың Катонқарағай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында жыл сайынғы «Қонақжай отбасы» жобасының жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Риддер қаласынан, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан жобаға қатысушыларды «Ақниет» мектеп-интернатының базасында жылы қарсы алды. Кездесуді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері ұйымдастырды. Қатысушыларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы кеңестер берілді.
Еріктілер қатысушыларды бір-бірімен таныстыруға және достық атмосфераны құруға бағытталған іс-шаралар өткізді.
Жобаның алғашқы күндеріндегі есте қаларлық оқиғаға айналған жарқын флешмоб қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Бағдарламада тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар, бос уақытты тиімді өткізу түрлері енгізілген.
Волонтерлердің жұмысы жобаға қатысушылар баратын ауылдық елді мекендерде жалғасады. Волонтерлер бағдарламаны тиімді іске асыруға ықпал ете отырып, жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Биыл жобаға 140 оқушы қатысады.