Күршім ауылындағы айналма жолдың құрылысы кедергісіз жүріп жатыр
Күршім ауданында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Соның бірі — Күршім ауылын айналып өтетін жаңа айналма жолдың құрылысы. Жоба ауыл ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетіп, жүк тасымалының қауіпсіз әрі жылдам өтуін қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың күзінде басталып, аяқталуы 2026 жылдың күзіне жоспарланған.
— Құрылыс жоспарына сәйкес биыл жолдың төменгі қабаттарын толық аяқтауымыз керек. Келесі жылы үстінен екі қабат тас жол төселеді. Жол екі жолақты, жалпы ені он метрді құрайды. Құрылыста аса қиындық жоқ. Барлық он екі шақырым жол бойында тек бір ғана учаскеде құбыр бар, – дейді учаске басшысы Бағлан Ұябаев.
Жоба құны – 3 млрд 412 млн теңге. Жол бойында күрделі инженерлік құрылымдар болмағандықтан, құрылыс кедергісіз жүріп жатыр.
Фото: Екатерина Семина
Оқи отырыңыз


