ШҚО-да құтқарушылар су айдындарын тексеруде
Шығыс Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Бұл туралы Altainews.kz тілшісі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты екінші құтқару батальонының сарбаздары өңірдегі ең танымал демалыс орындарының бірі — Бұқтырма су қоймасында профилактикалық рейдке шықты. Шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Құтқарушылар азаматтарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылу қажеттігін ескертіп, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды. Балаларды қараусыз қалдырмау — жазатайым оқиғалардың алдын алудың басты талабы екені айтылды.