Аймақ басшысы бастаған ШҚО делегациясы Омбы облысына барды
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы арнайы шақыртумен Омбы қаласының 309 жылдығына барды. Биыл 3 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Омбы облысының үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжат екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуды, бірлескен жобаларды іске асыру арқылы шағын және орта бизнесті қолдауды, сонымен қатар басқа да мүмкіндіктерді көздейді.
Сапар барысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы филиалымен танысып, «2025 жылғы Омбы қаласының ең мықты адамы» экстрим турниріне және Омбы қаласы күні мен Омбы облысының күніне арналған мерекелік концертке қатысатын болады.