KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, ОШ
522.19 606.42 6.47

Бүгін ШҚО-да нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі

depositphotos.com

3.08.2025, 08:00 158 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында 3 тамызда ауа райы күрт нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ШҚО аумағында күндіз күшті нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсіп, найзағай ойнайды. Сонымен қатар екпінді жел соғып, жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Өскемен қаласында да күн күркіреп, қатты жауын-шашын күтіледі. Ауа райының мұндай құбылуы тұрғындардың күнделікті тіршілігіне әсер етуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына табиғи құбылыстар кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді. Көлік жүргізушілеріне де жолда аса мұқият болу ұсынылады.

Айта кетейік, 3 тамызда тек Шығыс Қазақстан ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінде дауылды ескерту жарияланған. Әсіресе, орталық, солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында найзағай, бұршақ, қатты жел мен өрт қаупі жоғары болып тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу