KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
522.19 606.42 6.47

9 тамыз күні Өскемендегі этносаябақта «ABAI.LIVE» шығармашылық аймағы ашылады

7.08.2025, 13:00 182 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы 9 тамыз күні сағат 10:00-де Өскемендегі этноауылда Абай күніне арналған «ABAI.LIVE» шығармашылық аймағын ашады. Заманауи креативті стильде безендірілген интерактивті алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі танымдық бағдарлама ұсынбақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара аясында келушілерге «Абай бойынша сен кімсің?» атты ойын ұсынылады. Қатысушылар ойшылдың толғаныстарына бойлап, өз бойынан Абайдың қандай философиялық қасиеті басым екенін анықтай алады: ойшыл, арманшыл немесе ұстаз. 

Cондай-ақ ұлттық ою-өрнек жасау бойынша шеберлік сағаттары, заманауи графикада Абайдың қанатты сөздерімен безендірілген фотобұрыш, Абай дәуірінің рухын жеткізетін тұрмыстық элементтері бар кітап көрмесі, «Абайдың 100 бейнесі» атты инста-квест, «Абай дауысы» атты құлаққап арқылы тыңдалатын музыкалық аймақ, қазақтың дәстүрлі стратегиялық және тактикалық ойынды дамытатын үстел ойындары – асық пен тоғызқұмалақ ұсынылады.

«ABAI.LIVE» шығармашылық аймағы өткен мен бүгінді, сөз бен бейнені, білім мен ойынды тоғыстырып, Абай мұрасын жаңаша қырынан танытуға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу