KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Өрт сөндіру көлігінің жолын бөгемеңіз – жауапкершілік қарастырылған

13.08.2025, 08:00 168 Ержан Әбіш

Өрт сөндіру көлігіне жол бермеген жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаменті мен Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары, сондай-ақ полиция қызметкерлері бірлесіп арнайы рейд өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Мақсат – жол қозғалысы ережелеріне сәйкес артықшылыққа ие шұғыл қызмет көліктеріне жол беру мәдениетін қалыптастыру және жүргізушілердің назарын осы маңызды мәселеге аудару. 

Рейд барысында бір жүргізуші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 598-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл бап арнайы дыбыс және жарық сигналдары қосылған шұғыл қызмет көліктеріне жол бермеу фактілерін реттейді. 

ТЖД өкілдерінің айтуынша, осындай акцияларды жиі өткізу жүргізушілердің жауапкершілік сезімін арттырудың тиімді жолы. 

«Жүргізушілер өрт сөндіру көлігіне жол беріп, жол қозғалысы ережелерін сақтап қана қоймай, басқа біреудің қайғысына бейжай қарамау керектігін түсінуі тиіс», – деп атап өтті ШҚО ТЖД. 

Жүргізушілерге арналған негізгі ережелер: арнайы дыбыстық және жарық сигналдары қосылған көлік жақындағанда, жүргізушілер міндетті түрде кедергісіз өткізуі керек; мұндай көлікті басып озуға қатаң тыйым салынады; көк түсті жыпылықтайтын шамы қосылған тұрған көлікке жақындағанда, қажет болса дереу тоқтай алу үшін жылдамдықты төмендету қажет; тұрақ немесе автотұрақ орнын таңдағанда, өрт сөндіру, жедел жәрдем және басқа да арнайы техниканың кіру жолдарын бос қалдыру керек. 

Мамандардың айтуынша, бұл талаптар – жай ғана ереже емес, адам өмірін сақтап қалудың кепілі. Өрт сөндіру немесе жедел жәрдем көлігінің әрбір секунды санаулы. 

«Бей-жай қалмаңыз, өйткені жедел жәрдем Сіздің жақындарыңызға көмектесуге асығып бара жатқан болуы мүмкін», – дейді ТЖД мамандары.

Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу