KZ
Өскемен
-27°
туман Штиль
509.63 592.34 6.54

"Абай мұрасы – ұрпаққа аманат": облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталды

25.09.2025, 12:00 218 Ержан Әбіш

Пушкин атындағы облыстық кітапханада Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты облыстық байқау өтті. Байқауға қала мектептерінен 100 оқушы қатысып, үш бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шараға ағарту ісінің үздігі, ардагер, әдіскер ұстаз, Күршім ауданының құрметті азаматы Қатиза Сарипова, өңірімізге танымал айтыскер ақын, Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебінің ұстазы Еркін Қуаныш, ақын Естай Жаңабай қазылық етті.

Эссе бағытының жеңімпаздары:

Бас жүлде – Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп- гимназия-интернатының оқушысы Қабдылқызы Айша; І орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті Арданбекқызы Арна; ІІ орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті Мырзабекова Назерке Аянқызы; ІІІ орын – Өскемен қаласы №50 мектебінің оқушысы Бекжан Алтынай. Арнайы номинациялар: «Көркем ой иесі» – Өскемен қаласы №47 мектебінің 10 сынып оқушысы Алмасқызы Амина және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Оразғалиева Қымбат.

Абай өлеңдерін жатқа оқу бағытының жеңімпаздары:

Бас жүлде – Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Тұрарұлы Нұрболат; І орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Жанарбекқызы Ділдә; ІІ орын – Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей оқушысы Қайнархан Балжан; ІІІ орын – Өскемен қаласы №27 орта мектебінің оқушысы Бидахметова Даяна. Арнайы номинациялар: «Көркемсөз оқу шебері» – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты оқушысы Абылғазы Дінмұхамед және №35 орта мектебінің оқушысы Айдархан Самғар.

Абай қара сөздерін жатқа оқу бағытының жеңімпаздары:

Бас жүлде – М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің оқушысы – Қайсар Инабат; І орын – Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лиценің оқушысы Берікболова Адина; ІІ орын – Өскемен қаласы №27 орта мектебінің оқушысы Маратова Назерке; ІІІ орын – Өскемен қаласы №42 орта мектебінің оқушысы Хабиева Инават. Арнайы номинациялар: «Қара сөз оқу шебері» – Өскемен қаласы №46 орта мектебінің оқушысы Мұхаметбекова Лаура және №14 орта мектебінің оқушысы Фархатұлы Нұрсұлтан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу