KZ
Өскемен
-1°
снег жел 3 м/с, ОШ
514.74 599.36 6.71

Аграрлық сала қызметкерлері Еңбек күні қарсаңында марапатталды

30.09.2025, 09:00 190 Ержан Әбіш

Ауыл шаруашылығы министрлігі Еңбек күні мерекесіне және «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің еңбегін айрықша атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Республиканың барлық өңірлерінен 217 маман ведомстволық марапатқа ие болды. Оның ішінде 29 адамға – «Еңбек ардагері» құрмет белгісі, 63 қызметкерге – «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» белгісі, ал 125 сала өкіліне Құрмет грамотасы табысталды.

Марапат иелері ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңдеуден бастап, аграрлық ғылым, білім беру және агросервиске дейінгі саланың дамуына сүбелі үлес қосқан.

Марапаттау рәсімдері аймақтарда жергілікті билік пен еңбек ұжымдарының қатысуымен салтанатты түрде өтті. Бұл шара ауыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалап, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу