Шығыстың солтүстік және шығыс аймақтарында тұман мен көктайғақ болады
Бүгін Шығыс Қазақстанның солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпараты бойынша 04 қазанда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
«Мұндай метеожағдайда автокөлік иелеріне мұқият болу қажеттігін ескертеміз. Жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтаулары қажет», - дейді ШҚО ТЖД өкілі.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге қауіпті аумақтардан абайлап өту, жарақат алу мүмкіндігін азайту шаралар сақтау керектігі ескертіледі.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасын жүктеу арқылы ала аласыз. Бірыңғай құтқару телефоны-112.
Оқи отырыңыз