Ұлан ауданында ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті
Ұлан ауданы орталығындағы Балалар музыка мектебінде «Жаңа дәуір ұстазы: интеллект, еңбек және адалдық» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шара Ұстаздар күні мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтіп, білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтер мен сала қызметкерлерінің еңбегін ұлықтауға арналды.
Кеш барысында білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне өз ісіне адалдықпен қарап, жоғары жауапкершілікпен еңбек еткені үшін алғыс білдірілді. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы білім беру ісіне елеулі үлес қосқан мамандар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының, аудан әкімінің және салалық кәсіподақ ұйымының марапаттарына ие болды.
Ардагер ұстаздарға да айрықша құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі өмір жолы мен еңбегі жас ұрпаққа үлгі ретінде атап өтілді.
Мерекелік шарада сөз алған Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов ұстаздарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.









