KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, Ю
494.63 583.22 6.42

Алтай ауданында үздік ұстаздар марапатталды

5.10.2025, 19:30 263 Базарова Айгүл

Алтай ауданында Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, қызметіндегі жоғары жетістіктерімен ерекшеленген ұлағат иелері ұлықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Салтанатты жиында ауданның үздік ұстаздары еліміздің білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері, кәсіби шеберліктері мен нақты нәтижелері үшін марапатталды. Аудан әкімі Ренат Құрманбаев Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

– Мұндай шаралар бізге шабыт береді, мамандығымыздың маңыздылығын сезініп, жаңа күшпен алға ұмтылуға себеп болады. Жылы сөздер мен шынайы алғыс үшін рахмет! – деді №11 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлдерайым Көпжасарова.

Ал №6 орта мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Лилия Ларинова ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, бұл – өмір салты екенін айтты.

– Біз балалармен бірге өсеміз, жаңалық ашамыз, болашаққа жоспар құрамыз. Осындай мерекелер педагогтердің бірлігін күшейтеді, шабыттандырады, – деп атап өтті Лилия Ларинова.

Іс-шара ауданның шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу