KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 467 мың қызмет көрсетілді

6.10.2025, 10:29 201 Әбішев Ержан

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар азаматтарға 467,3 мыңнан астам қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызмітене сілтеме жасап.

Оның ішінде шамамен 345,8 мың адам оңалтудың техникалық құралдарын алды. Сонымен қатар 8,5 мың адамға ымдау тілі қызметі көрсетіліп, 25,9 мың адам жеке көмекші қызметін, ал 87,1 мың адам санаторийлік-курорттық емдеуді пайдаланған.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін өндірушіні немесе жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Қызметке тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталады. Ал алынған құралдарды жеткізу жолымен немесе өздігінен барып алуға болады.
Оңалту құралдарының қатарына протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық заттар мен кресло-арбалар кіреді.

Қазіргі уақытта порталда 629 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1045 техникалық құрал жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 751 ымдау тілі маманы және 134 санаторийлік-курорттық емдеу мекемесі тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу