KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 5 м/с, В
522.19 606.42 6.47

22 жастағы Шығыс Қазақстан тұрғыны есірткі өсіріп, қолға түсті

6.10.2025, 11:00 194 Айна Бакимбаева

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғынын есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өсіру күдігі бойынша ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жедел тінту барысында күдіктінің үйі мен ауласынан ерекше иісі бар өсімдік бұталары, шыны ыдыстар, металл табақшалар, ішінде кептірілген зат салынған қап және жасыл өсімдіктерді кептіруге арналған құрал табылды.

Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттар есірткі құралы — марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы 4 келіден асады. Бұдан бөлек, үй ауласынан сарапшылар салмағы 1,2 кг болатын, каннабис ретінде танылған өсімдік бұтасын алды.

Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға салу» және «Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу