KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 5 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Балабақша бүлдіршіндеріне құтқарушылар қонаққа келді

6.10.2025, 15:00 169

Өскемендегі «Лада» балабақшасының бүлдіршіндері үшін бүгін ерекше күн болды – қонаққа арнайы құтқарушылар келіп, қауіпсіздік сабағын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – балаларды қауіп төнген сәтте дұрыс әрекет етуге үйрету және қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Осы жаста балаларды қоршаған орта мен әрбір құбылыстың ерекше қызықтыратынын ескере отырып, құтқарушылар бүлдіршіндерге отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндірді. Өрттің алдын алу шаралары мен қауіпсіздік ережелерін қызықты форматта жеткізді. Сондай-ақ балаларға шұғыл қызметтердің нөмірлерін көрсетті.

Кездесу барысында мамандар арнайы жауынгерлік киімдерін киіп, оқыту мультфильмін ұсынды.

Тәрбиешілер мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бірлескен жұмысы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында өмірде қажет қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу