Электр энергиясы үшін жаңа тариф – ШҚО
depositphotos.com
2025 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясының жаңа тарифтері енгізілді. Жеке тұлғалар үшін баға 5%-ға төмендесе, керісінше, мемлекет қаржыландыратын ұйымдар үшін электр қуаты қымбаттады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 1 қазандағы уәжді қорытындысына сәйкес, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізетін «Біріккен ЭнергоСервис Компаниясы» АҚ тарифтері өзгерді.
Айта кету керек, тұрмыстық тұтынушылар үшін тариф 5%-ға төмендеді. Ал мемлекеттік ұйымдар үшін, керісінше, электр энергиясының құны артты. Осылайша, бюджеттік ұйымдардың жүктемесі қайта бөлінді.