Өскемен қаласының тұрғындары «Өскемен-1» вокзалының жаңғыртылуы туралы: Вокзал – қаланың келбеті
Облыс орталығындағы «Өскемен-1» теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Құрылысты жаңарту маусым айында басталған, ал аяқталуы жыл соңына жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында «Өскемен-1» теміржол вокзалының ауқымды қайта жаңғыртылуы қарқынды жүріп жатыр. Бұрынғы вокзал ғимараты ескіріп, қазіргі қолданыстағы талаптар мен нормаларға сай келмеген. Сондықтан ғимараттың бір бөлігі бұзылып, толық реконструкция жүргізу туралы шешім қабылданған. Жаңартылған нысан екі қабатты және барлық жолаушыларға — соның ішінде балалармен жүрген ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға — ыңғайлы жағдай жасалмақ.
Қаланың тұрғындары вокзалдың жаңартылуын оң бағалап, жаңа нысан бұрынғыдан да жайлы әрі заманауи боларына үміт білдіруде. Бірі ана мен балаға арналған бөлме ашылса дейді, енді бірі заманауи санитарлық тораптардың орнатылуын күтеді. Алайда барлығы дерлік вокзал — бұл қаланың бет-бейнесі, облыс орталығы имиджінің ажырамас бөлігі екенін және ол баяғыдан жаңартуды қажет еткенін айтады.
Жоба төлқұжатына сәйкес, реконструкция жұмыстарының толық аяқталуы биылғы желтоқсан айына жоспарланған.
Бас мердігер – «УК У Промтехмонтаж» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «САГЕР» ЖШС жүзеге асыруда.
Авторы: Елизавета Седых
Видео: Руслан Акматалиев