KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Мектеп оқулықтарының жобалары талқылауға шығарылды

7.10.2025, 11:00 129 Ержан Әбіш

2026-2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының talqylau.bmso.kz сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқулықтарды талқылау «Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөлімінде келесі пәндер бойынша жүргізіледі: 4-сыныптар үшін – «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу»; 7–10 сыныптар үшін – «Дүниежүзі тарихы», «Алгебра», «Қазақ тілі», «Химия», «Биология», «Физика», «География», «Құқық негіздері», сондай-ақ «Шетел тілдері» (ағылшын, неміс, француз тілдері).

Қоғамдық талқылау онлайн форматта өтуде. Бұл өз кезегінде педагогтерге, ғалымдарға, әдіскерлерге және мектеп оқулықтарының сапасына бей-жай қарамайтын барлық қазақстандықтарға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оқулықтар бес сатылы сараптамадан өтеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.

Қазіргі уақытта бұл оқулықтар қоғамдық талқылаумен қатар еліміздің бірнеше өңіріндегі 34 пилоттық мектепте сынақтан өтуде.

Барлық кезеңнен сәтті өткен оқулықтар пәндік сараптамалық комиссияның шешімімен мектептерде қолдануға және ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекітетін ресми оқулықтар тізбесіне енгізуге ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу