KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 4 м/с, ОШ
522.19 606.42 6.47

Еңбек құқығы: жұмыс берушілерге 370 млн теңгеден астам айыппұл салынды

7.10.2025, 10:30 149 Ержан Әбіш

2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек заңнамасының 5,5 мыңнан астам бұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде жалақы бойынша берешегі бар 391 кәсіпорын анықталды. Онда 9,3 мыңнан астам жұмыскерге 2,2 млрд теңге көлемінде еңбекақы қарызы жиналған. Еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілерге орындауға міндетті 2 932 ұйғарым беріліп, 370,9 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, соның ішінде жалақы қарызын өтеу кестесін нақтылау және мерзімдерді белгілеудің арқасында 8,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 1,8 млрд теңге төленді.

Министрліктің мәліметінше, еңбек заңнамасының сақталуы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
Биылғы 1 қазанға дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 572 тексеру жүргізіп, 5 523 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде: еңбек саласында 4 590, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 909, халықты жұмыспен қамту саласында 24 бұзушылық тіркелген.

Жыл басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде 42,9 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу