KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 4 м/с, ОШ
522.19 606.42 6.47

Тұрғын үй алуға жеңілдетілген несие бағдарламасы

7.10.2025, 12:30 311

Жеңілдікті шарттар бойынша тұрғын үй алуға несиелеу ипотекалық бағдарламасы биыл да жалғасын тапты. Бұл мүмкіндікті Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметкерлері қолдана алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 13-24 қазан аралығында қабылданады. Несие беру шарттары:

  • бастапқы жарна – келісімшарт сомасының 10 %;
  • несие мақсаттары – тұрғын үй сатып алу, алғашқы және екінші нарықта;
  • несие мерзімі – 19 жылға дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 6 %;
  • жұмыс өтілі – 1 жылдан аса;
  • соңғы 5 жылда меншікті тұрғын үйінің болмауы.

Бағдарлама шарттары және өтінім беру бойынша консультацияны ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан (Өскемен қ., К. Либкнехт көшесі, 19, 2 қабат) және АО «Отбасы Банк» филиалдарынан алуға болады.

Басқарманың жауапты маманы: Бауржанова Гульназ Бауржанқызы, тел.: 8-(7232) 701-235, 8(705)281-19-00.

Жеңілдікті шарттар бойынша тұрғын үй алуға несиелеу ипотекалық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу