KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 5 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Қазақстан жүктердің қозғалысын онлайн бақылайды: «Цифрлық жібек жолы» жобасы іске қосылды

depositphotos.com

7.10.2025, 14:30 165

Қазақстанда жүк тасымалын толық цифрлық форматта қадағалау жүйесі енгізілуде. Бүгін өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдегендей, «Цифрлық жібек жолы» жобасы аясында ел аумағындағы барлық бағыттарды қамтитын бірыңғай логистика картасы жасалмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа жүйе жүктердің қозғалысын нақты уақытта бақылауға, жол мен кеден бекеттерінің жүктемесін анықтауға және инфрақұрылымның дамуына қажетті талдау жасауға мүмкіндік береді.

«Картада кеден бекеттері, жанармай құю стансалары, бақылау аркалары, төлем алу пункттері және уақытша сақтау қоймалары цифрландырылып, геопозицияланады», — деді министр.

Қазір Мемлекеттік кірістер комитеті аркалар мен жанармай құю стансаларындағы бейнекамералар арқылы көліктердің қозғалысын қадағалай алады. Бұл жүйе жалған транзитті анықтауға және маршруттан ауытқуларды болдырмауға көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу