Онлайн несие алардан бұрын ойлануға уақыт беріледі
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті елімізде онлайн несиелерге қатысты «салқындату кезеңі» енгізілгенін жариялайды. Бұл шара азаматтарды алаяқтық схемалар мен асығыс қаржылық шешімдерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Салқындату кезеңі» несие шартына қол қойылғаннан кейін 8 сағаттан 24 сағатқа дейінгі уақыт аралығы. Бұл мерзім ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыға ақшалай қаражатты аудара алмайды.
Көрсетілген уақыт аралығында клиент өз шешімін өзгертіп, несие алудан себепсіз бас тарта алады. Бұл жағдайда шарт автоматты түрде жойылады.
Ішкі істер органы барша қазақстандықтарды сақ болуға шақырады.