Мамандығына жан-тәнімен берілген жан: құтқарушы Владимир Субботиннің оқиғасы
Владимир Субботин төтенше жағдайлар саласында 17 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Еңбек жолын қарапайым құтқарушыдан бастаған ол өз мамандығына деген шексіз сүйіспеншілігі мен табандылығының арқасында 100-ден астам құтқару операциясына қатысып, ондаған адамның өмірін құтқарды. Қазіргі таңда ол бөлімше бастығы қызметін атқарады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Владимирдің су асты құтқару саласында көп жыл бойы еңбек ететін тәжірибелі маман. Сүңгуірлердің қауіпсіз жұмыс істеуі үшін арнайы жабдықтары бар. Сүңгуірдің костюмін кию – нағыз рәсім, оған ерекше күтім қажет. Мұнда бір мүлтіксіз ереже бар: сүңгуір барлық жабдығын сүңгу алдында өз қолымен тексеруі тиіс. Бұл істі әдетте ешкімге сеніп тапсырмайды
Құтқарушылар өз жұмысының басты қағидасы тек дене күшін ғана емес, рухани беріктілікті де бағалайды. Дене даярлығымен қатар ішкі рухани негіз болуы қажет. Адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс пен командада жұмыс істей білу қабілеті аса маңызды, себебі одан тек зардап шеккендердің емес, өздерінің де өмірі тікелей тәуелді.
Бос уақытында Владимир өзінің сүйікті хоббиі балық аулаумен айналысады, отбасына уақыт бөледі. Оның екі баласы бар. Жұбайы Марина батыл жұбайын мақтан тұтады.



