KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, В
522.19 606.42 6.47

ШҚО – «Дәстүрді сақтау» фестивалі және әйелдер істері жөніндегі көшпелі отырыс өтті

10.10.2025, 12:30 144

2025 жылғы 9 қазанда Үлкен Нарын ауданында Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қатысуымен көшпелі отырыс және «Дәстүрді сақтау» фестивалі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шара Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Басты мақсат – отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, отбасы институтының беделін арттыру.

Көшпелі отырысқа облыстық комиссияның мүшелері мен өңірдің қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың арасында облыс әкімінің гендерлік даму және отбасы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, облыстың бас офтальмологы, «Көз микрохирургиясы клиникасы» ЖШС директоры Зарина Камасова және ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, облыстық комиссия хатшысы Альмира Жұмабаева болды.

Күн тәртібінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру және әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ келешек ұрпақтың денсаулығын жақсарту бағытындағы жаңа медициналық тәсілдер қаралды.

Іс-шара аясында өткен «Дәстүрді сақтау» фестивалінде ұлттық салт-дәстүрлер мен отбасылық рәсімдер көрсетілді. Қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, жас отбасыларға арналған тренингтер өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар психологиялық қолдау мен отбасы құндылықтарын сақтау, демографиялық саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу