KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді

ҚР Ұлттық банк мұрағаты

10.10.2025, 13:00 125

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерді. Бұл шешім инфляцияның өсуін тежеу және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, ақша-кредит саясатын қатаңдату — инфляцияның үдеуі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясатпен байланысты.

«Біздің басты мақсат – баға тұрақтылығын сақтау. Қажет болған жағдайда қосымша қатаң ақша-кредит шараларын қабылдауға дайынбыз», – деп хабарлады Ұлттық Банк.

Мұндай шешім несиелерді қымбаттатып, керісінше депозиттерді халық үшін тартымдырақ етеді. Бұл қадам инфляциялық қысымды азайтып, теңгенің тұрақтылығын қолдауға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу