Шығыстың тұмса табиғатына тамсанар туристер саны жыл сайын артып келеді
Табиғаты көркем, тарихы терең Шығыс Қазақстан бүгінде саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналып келеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, өңірге 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 214,5 мың саяхатшы келген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыстың сұлулығына тамсана келіп жатқан туристер саны биыл да бәсеңдеген жоқ. Жылдың алғашқы алты айында он мыңнан артық шетел азаматы, 200 мыңға жуық қазақстандық қонаққа саяхаттап келген.
Былтыр 428 мыңнан астам турист Шығыстың көркем табиғатын тамашалаған еді. Биыл да қарқын жақсы. Алтайдың асқақ таулары мен мөлдір көлдері, орман-тоғай мен тарихи орындары жыл өткен сайын көбірек жолаушыны өзіне тартып, Шығыс Қазақстанды ел туризмінің інжу-маржанына айналдырып келеді.











