KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді алу тәсілдері

depositphotos.com

10.10.2025, 14:00 141

Міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтылған жұмыс істейтін халықтың мүддесін қорғау мақсатында бірқатар әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайларда арнайы әлеуметтік төлемдер тағайындау көзделген деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалына сілтеме жасап. 

Міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтылған жұмыс істейтін халыққа келесі әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындалады:

  • еңбекке қабілеттілігінен айырылу;
  • асыраушысынан айырылу;
  • жұмысынан айырылу;
  • жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу;
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына әлеуметтік төлемдер төлеу көзделген.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (Қор) төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері әр адамға жеке есептеледі және Қорға төленген әлеуметтік аударымдардың уақтылығы мен толықтығына тікелей байланысты болады. Айта кету керек, әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердің жалақысынан ұсталып қалмайды, ол жұмыс берушілердің және (немесе) жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен төленеді.

Осыған байланысты, жүйенің қатысушыларына Қорға нақты түскен әлеуметтік аударымдарды тексеріп отыруды ұсынады. Мұны egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы (Басты бет → Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту → Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат) немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне немесе Қордың филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіне отырып тексеруге болады.

Бүгінгі таңда цифрлық қызметтердің дамуымен әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу оңайырақ болып отыр.

Қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін дәстүрлі түрде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы да, үйден шықпай-ақ электронды түрде де жүгінуге болады.

Көбіне әлеуметтік төлемдер проактивті түрде тағайындалады. Егер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде барлық қажетті мәліметтер болса, жүйеге қатысушыға «1414» Бірыңғай байланыс орталығынан төлем алу құқығын іске асыру туралы смс-хабарлама келеді. Осы смс-хабарламаға келісім берген жағдайда төлем проактивті түрде тағайындалады.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдерді келесі әдістердің бірімен алуға болады.

  • еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша — egov.kz порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы;
  • асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша — egov.kz порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы;
  • жұмысынан айырылу жағдайы бойынша — enbek.kz электрондық еңбек биржасы, egov.kz немесе Мансап орталығы арқылы;
  • жүктілік және босану бойынша — egov.kz порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша — egov.kz, банктердің мобильді қосымшалары немесе Мемлекеттік корпорация арқылы.

Егер өтініш беруші электрондық түрде өтініш берген болса, әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі — 4 жұмыс күні, ал Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда — 8 жұмыс күні.

Қор филиалдары құжаттардың дұрыстығын тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер сұратады. Мұндай кезде тағайындау мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Жүйенің тиімділігі нақты деректермен расталады. Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 8 айында 248 мың қатысушы үшін Қорға 23,7 млрд теңге әлеуметтік аударым түскен. Осы уақытта 35 мыңнан астам адам 20,3 млрд теңге сомаға төлем алған.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың ресми сайты — www.gfss.kz арқылы білуге болады.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу