ШҚО – қар жауып, көктайғақ болады
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан аумағында алдағы сағаттарда қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы мен «Қажсервис» ЖШС-нің ШҚО филиалдарының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта жол қызмет түрлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, арнайы техникалар республикалық және облыстық маңызды жолдарға кезекшілікке шықты.
Айта кетейік, бүгін күндіз Павлодар облысында қалың қар жауды.
Жақын уақытта ауа райы Шығыс Қазақстан облысында да құбылады.
«Қазавтожол» ҰК өкілдері жүргізушілерден барынша сақ болуларын сұрайды. Қозғалыс барысында жылдамдық талабын, арақашықтықты сақтап, аса қажеттілік болмаса, елді мекеннен тыс жерге шықпауға шақырады.