KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
494.63 583.22 6.42

«Altai» футбол клубы: Премьер-лигаға бір қадам қалды

13.10.2025, 10:00 196 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов отандық футбол аңызы Вахид Масудовпен кездесіп, өңір футболын дамыту барысын талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгілі спорт қайраткері Вахид Масудовпен кездесіп, бүгінде асқаралы алпыстың алтауын еңсерген «Altai» футбол құрамасының бапкерін туған күнімен құттықтады.

— Сіз отандық футболдың мұқым бір дәуірінің бет-бейнесісіз. Осы күнге дейін кәсібиліктің, жігерліліктің және спортқа деген адалдықтың жарқын үлгісі болып келесіз, — деді аймақ басшысы.

Вахид Масудов — КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1980-жылдары алматылық «Қайрат» командасының үздік футболшыларының бірі ретінде шебер техникасымен және ойындағы интеллектісімен көпті тәнті еткен.

Футболшы ретіндегі мансабын аяқтаған соң еліміздің алдыңғы қатарлы клубтарында бас бапкер болып, жемісті еңбек етті. «Қайрат», «Атырау», «Тараз», «Шахтёр», «Ордабасы», «Мақтаарал» командаларын және Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырды.

Бүгінде Вахид Юнусович футболдағы қызметін жалғастырып, Өскеменнің «Altai» футбол клубының бас бапкері міндетін атқарып келеді.

Кездесу барысында облыс әкімі туған күн иесіне зор денсаулық тілеп, естелік сыйлық табыстады. Өз кезегінде Вахид Масудов «Altai» клубын еліміздің үздік командалары қатарына қосуға бар күшін салатынын айтты, — делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, алдағы күндері «Altai» құрамасы Қазақстан Премьер-лигасына өту үшін соңғы орынға таласады. Сондықтан өскемендіктердің қолдауы, әсіресе ойын барысында ауадай қажет екендігін айтады Вахид Масудов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу