KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 4 м/с, ОШ
522.19 606.42 6.47

Кәсіби бағдарлау: ШҚО мектептері мамандық таңдауды үйретудің жаңа форматын енгізбек

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

13.10.2025, 16:30 145

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жалпы білім беретін мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысын жүйелеуге арналған 1–11-сынып оқушыларына бағытталған бірыңғай нұсқаулық әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа құжат мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне және кәсіби бағдар мамандарына арналған нақты іс-қимыл алгоритмдерін, сабақтардың үлгілік сценарийлерін, ата-аналар мен әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл тәсілдерін, сондай-ақ нәтижелерді бағалау мен мониторинг жүргізудің бірыңғай талаптарын қамтиды.

Жұмыс тобының құрамына педагогтер мен кәсіби бағдар саласының мамандары, сондай-ақ Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық білім академиясының өкілдері кірді.

Бұл бастама еліміздің барлық өңірлерін, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысын да қамтиды. Облыс мектептерінде кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Жоғары сынып оқушылары үшін университеттер мен кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылып, университеттеомен, жергілікті колледждермен және жұмыс берушілермен бірлескен жобалар іске асырылуда.

Мамандардың айтуынша, жаңа нұсқаулықтың енгізілуі кәсіби бағдарды жүйелеуге, оқушылардың қызығушылығын ерте анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу