Жол апатынан бес адам қаза тапты, бір адам жараланды – ШҚО
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өскемен – Риддер тасжолының 48-ші шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысып, бес адам өлім құшты, деп хабарлайды Altainews.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алып ауруханаға жеткізілген.
Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға, ауа райы мен техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеру қажеттігін кезекті рет еске салады.
Видео: ШҚО ПД
Фото: видео кескіндемесі
