Инклюзивті болашақ: Риддерде ерекше білім алушылар арасында аспаздық байқау өтті
Риддер қаласында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастар арасында «Мамандық бойынша үздік – 2025» атты инклюзивті байқау ұйымдастырылды. Бұл шара – тек азпаздық сайыс емес, жастардың әлеуетін ашуға, олардың бойындағы дарын мен еңбекқорлықты дәріптеуге арналған ерекше шара болды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Байқаудың басты мақсаты – ерекше білім алушылардың өз мүмкіндігін танып, кәсіби қабілеттерін көрсетуіне жағдай жасау, қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Сонымен қатар, іс-шара тең мүмкіндіктер қағидатын насихаттап, өзара қолдау мен толеранттылықтың маңызын айқындады.
Жарыс барысында қатысушылар тағам әзірлеудің түрлі тәсілдерін көрсетті. Әр жас аспаз өз өнерін паш етіп, шығармашылық көзқарасын, эстетикалық талғамын және еңбек мәдениетін байқатты. Байқаудың тәжірибелік кезеңінде тағам әзірлеудің түпнұсқа рецептілері, қауіпсіздік ережелерін сақтау және ұжымдық жұмыс дағдылары сынға түсті.
«AMANAT» партиясы инклюзивті бағыттағы жобаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Партияның бастамасымен ерекше білім алушыларды қолдауға бағытталған түрлі әлеуметтік іс-шаралар өткізіліп, жастардың әлеуетін ашуға жол ашылуда. Мұндай бастамалар қоғамда еңбек пен адам құқығын құрметтеу мәдениетін нығайтуға зор үлес қосуда.
Байқауға қатысушылардың бірі, Риддер техникалық колледжінің студенті Ольга Журавлева өз әсерімен бөлісті:
Шара соңында қатысушылардың шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылып, олардың қолынан шыққан тағамдар дәмі мен безендірілуі бойынша бағаланды. Қазылар алқасы үздік деп танылған қатысушыларды арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Инклюзивті аспаздық байқау — бұл тек шеберлікті сынайтын дода емес, әрбір адамның мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдеген өміршең жоба болды. Риддердегі бұл шара қоғамдағы ізгілік пен теңдік қағидаттарын насихаттап, инклюзивті болашаққа бастар сенімді қадамға айналды.










