Глубокое ауданында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды – ШҚО
Глубокое ауданының Прогресс ауылында тұңғыш «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Жаңа жоба жасөспірімдердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, заңға құрметті және ел тыныштығын қорғауға деген қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Салтанатты іс-шара барысында оқушылар үшін жол қозғалысы ережелері бойынша танымдық викторина ұйымдастырылды. Балалар тек білімдерін ғана емес, өздерінің зейіні мен жауапкершілігін де көрсетті.
Директордың айтуынша, жаңа кабинеттің басты міндеті – оқушылардың бойында полиция қызметкерлеріне деген құрметті, әділдік сезімін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Мектеп ұжымы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен барлық мекемелер мен демеушілерге алғысын білдірді.
Ал 7-сынып оқушысы Савелий Еремин жаңа кабинеттің ашылуына ерекше қуанышты екенін айтты.
Мектеп басшылығының айтуынша, алдағы уақытта білім ордасында тағы бір арнайы бағыттағы кабинет – «Жас прокурор» сыныбы ашылмақ.
Бұл бастама – Глубокое ауданында патриоттық тәрбие мен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған жаңа кезеңнің бастауы. Осындай жобалар арқылы жас ұрпақ елінің шынайы қорғаушысы, әділдік пен тәртіптің жақтаушысы болып өседі деген сенім бар.
Дмитрий Чжан
Фото/видео: Евгений Щетников







